Даңқ аллеясы жасай бер!

“Жеңіс мерейтойына лайықты істер” – леймотиві Даңқты жылдар және Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жылдығына арналған еске алу іс-шараларының арқауы болып табылады. Осыған қатысты маңызды іс-шара 2020 жылдың 20 қыркүйегінде Әскери Даңқ мұражайының аумағында өтті.
Даңқ аллеясын салу үшін “Майдан жолы” Павлодар іздестіру – зерттеу жасағының жауынгерлері, “Жерге бақ сыйла” қорының өкілдері, ИнЕУ гуманитарлық бөлімінің НО-219 тобының оқытушылары мен студенттері, колледждің еріктілер жасағының жетекшісі Смағұл Ә.Т. қатысты. Аллеяның аумағына жас қарағай көшеттері отырғызылды. Бұл көшеттерге үнемі күтім жасалып, уақыт өте келе аллея қала тұрғындарының көзін қуантады деп сенеміз.
Көшеттерді отырғызғаннан кейін іс-шараның салтанатты бөлігінде “Майдан жолы” жасағының іздеушілерін естелік медальдармен және грамоталармен марапаттау өткізілді. Марапатталғандардың арасында колледждің АӘД оқытушысы, отрядтың іздеу экспедицияларының белсенді қатысушысы Магзумов Н.Т. болды. Нұркеш Тельманұлы біздің колледж базасында жұмыс істейтін “Жас ізденуші мектебі” әлеуметтік жобасының кураторы болып табылады.
Н.Т. Мағзұмовты құттықтай отыра, республиканың іздеу қозғалысын дамытуда зор табыс тілейміз!