«ANTIKOR.LIVE» әрекетте!

      «ANTIKOR.LIVE» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жобасы аясында барлық деңгейлер мен қызмет салаларының басшылары оның іске асырылу барысы туралы есеп береді. 2021 ж. 19 наурызда ИнЕУ жоғары колледжінің директоры Ш. А. Тәженов тікелей эфирде білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихатты ұйымдастыруға қатысу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын бағалау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы айтып берді. Оның баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартқа сәйкес оқу орнының қызметі, материалдық – техникалық базаны нығайту, студенттер мен қызметкерлердің әлеуметтік осал санаттарын қолдау, студенттермен және ата-аналармен тәрбие жұмысының нысандары туралы айтылды. Барлық ағартушылық, ақпараттық және оқыту материалдары колледж сайтында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл” бөлімінде орналастырылған. Әр мұғалім, қызметкер, ата – ана немесе студент мұнда нормативтік-құқықтық актілерді, бұйрықтарды, іс-шаралар жоспарын, есептерді таба алады. Бөлімшелердің сайтында және Instagram беттерінде “Адалдық сағаты” бейне-дәрістері орналастырылған. Бұл ақпарат мезгілінде    жаңартылып отырады.

    Оқу озаттарына, аз қамтылған студенттердің отбасыларына, студенттерге берілетін жеңілдіктер, бюджет қаражатын игеру, колледж қызметкерлеріне, оқытушыларға берілетін көтермелеулер саны айтылды.

     Шалқарбай Әміржанұлы “Таза сессия”акциясы аясында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы да айтып берді.

   Бұл есептің ерекшелігі,  бірінші басшыдан сыбайлас жемқорлық бойынша сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі болды. Колледж студенттері пара алу және беру жауапкершілігі, елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары және т.б. туралы сұрақтар қойды. Есеп ересектердің де, балалардың да мүдделерін қозғайтын өте толық болды