Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы

Мақсаты – Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін, қасиетті орындарын сақтау, қалпына келтіру, танымал ету.

Міндеттері:

  1. Қазақстанның мәдени-географиялық белдігін құру, оның рөлін анықтау.
  2. Қазақстанның киелі, туристік объектілері бойынша экспедицияны ұйымдастыру.
  3. БАҚ-та қасиетті орындар бойынша ақпараттық жобаларды ілгерілету.
  4. Ішкі туризмді дамытуды қолдау.
  5. Инфрақұрылым және логистика бөлігі бойынша киелі объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
  6. Жобаның негізгі мақсатын алға жылжыту үшін жастарды, оқушыларды тарту.

Адамның рухани дамуы оның туған жерімен, мәдениетімен және тарихымен негізделген. Олар адам  өміріндегі нұсқаулық тәрізді болады. Осындай жерлердің бірі ұлы бабаларымыздың ерліктерін, қажылыққа және мәдениетті байытуға арналған орынға айналған көрікті жерлер.  Мұндай жерлерді білу бізге көп нәрсені үйренуге мүмкіндік береді және олардан қажетті өмірлік күш алуға көмектеседі. Осыған байланысты,і географияны құру адамды рухани байыту мәселесін ғана емес, біздің тарихымыздың, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің байлығын көрсетеді. Бөлімде киелі орындар, олардың тарихы мен ерекшеліктері туралы ақпарат бар.