«Тәуелсіздік-біздің туымыз» әдеби-сазды композициясы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ИнЕУЖК кітапханашылары  мен бірге колледж студенттері «Тәуелсіздік-біздің туымыз» әдеби-сазды композициясын өткізді. Туымыз – Тәуелсіздік. Презентация жасалды: 30 жылдық жолдың нәтижелері. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған әндер мен өлеңдер мен күйлер орындалды. Шараның жүргізушілері Асанова Ульяна мен Жалмаханова Аниса, әнді Ибраева Дильназ орындады ПД -111 тобының студенттері. Өлеңдерді орындаған Жүніспаева Аружан мен Нұртаза Назира  КиЛ-111 тобының студенті, Дудник Анжелика  ПД – 111 тобы студенті, Күй орындаған Тілебалды Данияр КиЛ-111.

Кітап көрмесі ұйымдастырылып, колледж кітапханасы қорынан қітаптар ұсынылды.

Көрмеге қойылған кітап басылымдары тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы алдындағы қасіретті оқиғалар мен Желтоқсан оқиғасының қатысушысы болған тұлғалар туралы баяндайды. 1986 жылғы саяси оқиғалар қазақ халқының тағдырындағы бетбұрысты кезең болды және Қазақстанның саяси және экономикалық жүйесін реформалауға ықпал етті. Бұл мемлекеттің 30 жылдық экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуының жолын, оның көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев.