Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдаудың қалалық орталығына

2021 жылдың 27 желтоқсанында ИнЕУ жоғары колледжінің П-329 тобының волонтерлік студенттері мен заң пәндерінің оқытушысы Маусымбекова Әлия Жорабекқызының жетекшілігімен Қайырымдылық мақсатында “Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдаудың қалалық орталығына”барды. Студенттер бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, “Теремок” театрландырылған ертегісін көрсетті. Волонтерлер шағын концерт қойып, ойын-сауық ойындарын өткізді және  жаңа жылдық тәтті сыйлықтар сыйлады. Бүлдіршіндерге  бұл іс-шара қатты ұнады! Директордың әлеуметтік-оңалту жұмысы жөніндегі орынбасары М. К. Букебаева студенттер мен оқытушыға жақсы ұйымдастырылған мерекелік құттықтауы үшін алғыс айтты.