ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мәнерлеп оқу сайысы

Қазақстанның Тәуелсіздік күні-Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі және мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады.
ИнЕУ жоғары колледжінде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мәнерлеп оқу сайысы өтті. Қатысушылар-бірінші және екінші курс студенттері.
Мәнерлеп оқу сайысын өткізу Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге, көркем оқудағы дарындар мен таланттарды анықтауға және насихаттауға ықпал етеді.
Сайысқа қатысушылар өлеңдерді мәнерлеп оқу шеберлігін көрсетті. Сайыс жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды.