Кітаптар бізге соғыс туралы естеліктерді қалдырады

Жеңіс күні – Қазақстан халқы атап өтетін ең айтулы күндердің бірі. Осы мерекеге байланысты ИнЕУ жоғары колледжінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған «Кітаптар бізге соғыс туралы естеліктерді қалдырады» атты әдебиет бойынша іс-шара өткізілді. Соғыс жылдарында қаншама ақын-жазушылар өз шығармашылығымен қиыншылықтарға төзуге көмектесіп, майданға аттанғандардың жанын жылытып, жігерлендірді. Олар халыққа жеңіске жетуге көмектесті. Ақын-жазушылардың әндері мен өлеңдері ұмытылмайды, жүректерде әрқашан сақталады.
Іс-шараға 1 курс студенттері қатысты. Студенттер әскери тақырыпта өлең оқып, ән айтты. Мұндай іс-шаралар патриоттық сезімнің дамуына ықпал етеді, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді, бейбітшілік пен тыныштықтың мәні мен бағасын ашады. Қатысушылар халықты фашистік басқыншылардан босатқандарды еске алу үшін бейбіт жолды жалғастыру керек екенін және жаумен жаға жыртыспас үшін азат күннің қадірін қастерлеуді түсінді. Ал бізге жеңістің қалай жеткенін ұмытуға болмайды!