Патриоттарды өсіру

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына және Жеңіс күнінің 77 жылдығына арналған іс-шаралар онкүндігі аясында ИнЕУ жоғары колледж бөлімшелерінің құрама командалары арасында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар өтті.

Жарыстың мақсаты – патриоттық сезімді, серіктестікті, жауапкершілікті тәрбиелеу, студенттерді салауатты өмір салтына, әскери-қолданбалы спорт түрлерімен айналысуға баулу.

Жарыс бағдарламасында – сап пен ән байқауы, АКМ бөлшектеу және құрастыру, пневматикалық тапаншадан ату, алғашқы медициналық көмек көрсету, күштік үшсайыс.

Жарыс колледж директоры Ш.А. Тәженовтың құттықтау сөзінен басталды. Ол өз Отанына, оның халық батырларына мақтаныш сезімін тәрбиелейтін, елдің өткеніне құрмет көрсетіп, білім беретін патриоттық бағыттағы түрлі іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Бөлімше командалары белгіленген бағдарлама бойынша жарысты өткізу орнына салтанатты маршпен өтті.  Барлық жарыстардың қорытындысы бойынша 1 орынды гуманитарлық бөлімнің командасы, 2 орынды энергетикалық бөлімшенің командасы, 3 орынды экономикалық бөлімшенің командасы иеленді. Командалар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

Биылғы әскери-спорттық мерекенің ерекшелігі «Мәңгілік полк» шеруін өткізу болды, оған студенттер ғана емес, оқытушылар мен колледж қызметкерлері де қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушылар Қазақстан тарихындағы өз отбасының тарихына құндылық қатынасы арқылы жастардың патриоттық көзқарасын қалыптастыру және әрбір отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылар: сарбаздар мен еңбек майданына қатысушылар туралы естелікті сақтау қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді. Енді мұндай шеру біздің ИнЕУ-дің жарқын және маңызды дәстүрлерінің бірі болады.

Жарыстарды сәтті өткізіп, командаларды дайындағаны үшін, алғашқы әскери дайындық оқытушылары Н.Т. Магзумовқа, М.И. Джанахметовке, дене тәрбиесі оқытушыларына және топ кураторларына алғыс жарияланды.

Марапаттау рәсімінде «World Skills Pavlodar-2022» байқауының жеңімпаздары мен ИнЕУ студенттері марапатталды. Олар политехникалық бөлімнің студенттері: Прокопец Тимур (3 орын), Азамбаев Ален (2 орын), Эгоф Алексей (2 орын), Костин Александр (2 орын); ОИТ бөлімшесінің студенттері: Федоров Никита (3 орын), Айткулов Ярослав (1 орын), Риза Райымбек (2 орын).

Колледж басшылығы жеңімпаздарды дайындаған барлық шеберлер мен оқытушыларға алғысын білдіріп, жаңа шығармашылық жеңістер тіледі.  Тек алға ИнЕУ ЖК!

Әскери-спорттық мерекелер мен жарыстар өткізу, жасөспірімдерді әскери қызметке даярлау ғана емес, сондай-ақ күш құрылымдарына, әрі тиісті мамандықтар бойынша жоғары арнаулы оқу орындарына түсу үшін кәсіптік бағдарлау бағыты бойынша да бастапқы алаңға айналады.

 Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Мерекелеріңізбен!