Студенттердің татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығымен кездесуі

Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінде студенттердің татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығымен кездесуі өтті. Оның барысында осы қоғамдастықтың мүшелері бірлестіктің қызметі, олардың мақсаттары мен болашаққа міндеттері, ұлтаралық даму үшін осындай орталықтардың маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Әңгіме барысында студенттер  көптеген сұрақтар қойып, қоғамдастық қызметіне ерекше қызығушылық танытты. Іс-шарадан кейін концерт ұйымдастырылып, кеш қонақтарына әсерлі көңіл-күй сыйлады. Алдағы уақытта осындай орталықтармен бірлесіп мақызды іс-шаралар өткізіп, еліміздің дамуына баға жетпес үлес қосуға ат салсамыз.