сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқытушылар мен колледж қызметкерлеріне арналған семинар

27 мамырда ИнЕУ жоғары колледжінде колледж оқытушылары мен қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа “нөлдік төзімділік” қағидаттары, сондай-ақ жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары бойынша семинар өткізілді. Сондай-ақ, ұжым 26.11.2019 ж. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” ҚР Заңына енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен таныстырылды.