“Бір колледж – бір кітап”

          “Бір колледж – бір кітап” акциясы аясында 17 қарашада колледж кітапханасында студенттерді ұлы қазақ ағартушысы, лингвист-ғалым, түркітанушы, ақын және аудармашы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянымен және шығармашылық қызметімен таныстыру өтті. Оның өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімені тыңдағаннан кейін балалар,  не себепті А. Байтұрсыновты – ұлт ұстазы, халқы­мыздың рухани көсемі деп атайтыны  туралы әңгімелесті. “Маса” және “Қырық мысал” жинақтарынан өлеңдер мен мысалдарын оқып, талқылады. Сондай-ақ олардың назарына А.Байтұрсыновтың кітаптарының көрмесі, ол туралы журналдардан мақалалар ұсынылды.