бәсеке «Күн ханзадасы мен ханшайымы»

2022 жылдың 18 қарашасында ИнЕУ Жоғары колледжінің Гуманитарлық бөлімнің КиЛ 419 тобының ұйымдастыруымен “Күз ханзадасы мен ханшайымы” сайысы өткізілді. Мақсаты: Студенттерге күз сыры жайлы мағлұмат бере отырып, студенттердің білімін,

тапқырлығын, іскерлігін, ұйымшылдығын, өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсете

білуін, шеберлігін дамыту.

Сайыс бес кезеңнен құрылды:

1-кезең: «Сәлем – сөздің атасы»

2-кезең: «Өнерлі – өрге жүзер»

3-кезең: «Заманауи күз»

4-кезең: «Күш – білімде»

5-кезең: «Күзгі вальс»

Қатысушылар:

Гуманитарлық бөлім: Серғазы Нұрмұхаммед – Орал Альмира

Политехникалық бөлім: Муканов Аслан – Ильчинко Анастасия

Экономикалық бөлім: Мынжасаров Расул – Кожанбаева Адема

Энергетикалық бөлім: Сағадат Фархат – Шокубаева Алина

Қатысушылардың өнерін бағалау үшін әділ-қазы мүшелері тағайындалды. Сайыстың 5

кезеңін тамашалап, қорытынды пікірді ортаға салды. Нәтижесінде “Күз ханзадасы мен ханшайымы” титулына КиЛ-112 тобының студенті Орал Альмира және ФС-122 тобының студенті Серғазы Нұр-мұхаммед ие болды. 1 орын – СЭС – 112 тобының студенті Муканов Аслан және СМС-112 тобының студенті Ильчинко Анастасия. 2 орын – ЭС-122 тобының студенті Сағадат Фархат және ТЭУ-112 тобының студенті Шокубаева Алина. 3 орын – БСД-112 тобының студенттері Мынжасаров Расул және Кожанбаева Адема. Жүлдегерлер арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.