«Мен кітапты ашамын!» әдеби кейс.

21.11.22ж.Экономикалық бөлімшенің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.К.Макимова “Оқырман колледж” бағдарламасы аясында ТОРАТ-112 тобында “Мен кітап оқимын!” “Мен әлемді танимын!” атты әдеби кейс өткізді. Шара Ф.М.Достоевскийдің “Қылмыс пен жаза” романы бойынша ұйымдастырылды. Мақсаты – көркем шығарманы талдау дағдыларын дарыту, жалпылау, талдау білігін қалыптастыру, романның гуманистік идеясын жеткізу. Топ студенттері шығарманы талдауға белсене қатысып, бас кейіпкер Раскольниковтің теориясы мен іс-әрекетін ашты, автордың ойымен психологиялық және философиялық тұрғыдан роман кейіпкерлерінің галереясын құрастырды. Сонымен қоса студенттер романның идеясы мен желісін бүгінгі күнмен ұштастыра алды. Қорытындысында, Достоевскийдің гуманистік идеясына жауабын тапты: әлемді махаббат пен мейірім құтқарады!