«Ақ қайың мен көк дала елінде…» атты іс-шара.

ИнЕУ жоғары колледжінде Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен ынтымақтастықтың 30 жылдығына арналған “В стране березового ситца и голубых полей…” атты іс-шара өтті. Достық үйімен қатар жұмыс істеу- колледж үшін дәстүрге айналды. Сондықтан бұл іс-шараға Дмитрий Козловтың басшылығымен А. Шиллер атындағы орыс халық хоры белсенді қатысты. Сахнадан павлодарлық ақын Наталья Васильевна Борисовская өзінің керемет өлеңдерін оқыды. Орыс мәдениеті мен орыс тілінің маңызы туралы ИнЕУ доценті Мухамбетова Гульнара сөз сөйледі. Сондай-ақ, колледж директоры Таженов Шалкарбай Амиржанович сөз сөйледі. Ол дәл осындай іс-шаралар Қазақстан халқының мәдениеті мен шығармашылығын құрметтеу мен қадірлеуге тәрбиелейтінін атап өтті.