Қазақстанның жаңа тарихы бойынша «Тәуелсіздік дәуірі» ұлттық олимпиадасы

«Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында Қазақстанның жаңа тарихы бойынша «Тәуелсіздік дәуірі» Ұлттық олимпиадасын өткізді.
«Тәуелсіздік дәуірі» олимпиадасы – бұл әрбір адам ең маңызды шешімдер қабылдау арқылы гүлденген және қауіпсіз Қазақстанды құруға тырысатын, көшбасшы рөлін сынап көруге және өзін еліміздің нағыз көшбасшысы ретінде сезіне алатын білім беру жобасы! Олимпиада бірегей ойын түрінде еліміздің тәуелсіздігінің жаңа тарихы туралы білімдерін толықтыруға, егемен мемлекет құрылысының негізгі кезеңдерінен өтуге, дамудың «қазақстандық моделінің» мәнін ұғынуға мүмкіндік береді.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды:
I кезең – іріктеу, 7-14 қараша аралығында Ойынның электронды нұсқасының сайтында онлайн форматта өтті. ІІ кезеңге ең жоғары нәтиже көрсеткен 20 қатысушы жіберілді. 1429 қатысушының арасынан Торо ПЗ-211 тобының студенті Кадымбаев Амир 1274 ұпай жинап, 20 финалисттің қатарына енді. (Жетекшісі Айтпаева А.Ж.)
II кезең – финал, 1 желтоқсанда Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында оффлайн форматта өтті. Финалдық кезеңде Амир жеңімпаз атана алмағанымен, олимпиадада үздік 20 ойыншының қатарына енді. Олимпиаданың финалистері мен жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді. Амирді олимпиаданың финалдық кезеңіне қатысуымен құттықтаймыз!