ИнЕУ ЖК нышандары

  • МИССИЯ
  • МАҚСАТ
  • МІНДЕТТЕР

ИННОВАЦИЯ МЕН  ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСҚА ИЕ, БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАНДЫ ДАЙЫНДАУ.

КОЛЛЕДЖДІҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚОҒАМНЫҢ ЖӘНЕ ПАВЛОДАР АЙМАҒЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ СҰРАНЫСЫНА СӘЙКЕС ЖЕТІЛДІРУ, ӘЛЕМДІК БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІККЕ ЕНУ.
-еңбек нарығын зерттеу негізінде білім беру бағдарламаларының ұтымды құрамын анықтау;
-білім берудің мазмұнын жаңарту;
-колледждің оқу, оқу-әдістемелік және материалды-техникалық базасын жетілдіру;
-колледждің оқу-тәрбиелік, өндірістік және инновациялық қызметі мониторингісінің бағытын кеңейту;
-білім беру, өндіріс пен қоғам қажеттілігінің ықпалдастығы;
-инженерлік-педагогикалық кадрлар дайындау деңгейін көтеру және кадр құрамын жетілдіру;
-колледж қызметінің қаржылық қамтамасыз етілуін жетілдіру;
-колледжді институционалдық аккредиттеуге дайындау және ИнЕУК білім беру сапасын басқаруды жүйелендіру;
-колледждің білім беру порталын пайдалана отырып, экономикалық мамандықтардың оқу бағдарламалары үшін қашықтықтан оқыту технологиясын енгізу;
-қолданыстағы барлық техникалық мамандықтардың оқу бағдарламаларын дуалды оқыту түріне ауыстыру;
-ИнЕУЖК ақпараттық қүрылымын және материалдық базасын дамыту, колледждің инновациялық қызметін кеңейту үшін жағдай жасау.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТУЫ

ИнЕУ жоғары колледжінің тікбұрышты ақ мата туы ортасында колледждің логотипі бейнеленген. Тудың ені мен ұзындығы қатынасы: 1:2.

Сол және оң жағында көне түркі қазақ тілінде “ҚАЗАҚСТАН” сөзі жазылған. Латын әліпбиінің жоғарғы жағында “QAZAQSTAN”, яғни: Қазақстан латын қарпіне көшпейді, керісінше латын әліпбиіне қайта оралады. Латын әліпбиіне көшу  – бұл қазақстандық ұлттар көкжиегін кеңейтудің, әлемдік өркениетке кірудің және “Мәңгілік Ел” жалпыұлттық идеясын трансформациялаудың тәсілі. Колледж туының негізгі элементі –   түсінің ақтығы. Тудың таза ақ түсі ата-бабаларымыз пайда болған сәттен бастап (б.з. д. 1 мыңжылдықтың басында ежелгі мемлекеттер пайда болған кезден бастап, осы уақыттың өзінде байырғы түркі тілдерінде сөйлейтін тайпалар болған, ал Орта ғасырлар кезеңінде Қазақстан аумағында Түркі жазуы пайда болған) қазіргі уақытқа дейін  таза, мөлдір үздіксіз білім беруді айғақтайды.

Бұған жалаудағы логотиптің сол, оң және жоғарғы жағындағы жазулар дәлел бола алады.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ЛОГОТИПІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

ИнЕУЖ колледжінің логотипі көгілдір шеңбер фонында орналасқан бейнелеу және сөз элементтерінен тұратын құрамдастырылған болып келеді.
Бейнелеу элементтеріне логотип иесі өзінің білім беру және ғылыми-техникалық қызметтерін көрсету арқылы әрекет етуге ниетті бүкіл әлемдік кеңістікті білдіретін жер шары жатады. Жер шарының фонында оның жоғарғы жағында еркін ұшуды және қосалқы түрде колледждің Павлодар қаласында орналасқандығын білдіретін қалықтаған шағала, ал төменгі жағында – білімнің символы – кітап бейнеленген. Жер шарының орталығына орналастырылған «ИнЕУК» сөзі жаңадан пайда болған және аббревиатура түрінде, мұндағы әріптік қысқартулар: Ин – «Инновациялық», Е – «Еуразия», У – «Университетінің»,Ж – «Жоғары», К – «Колледжі» дегенді білдіреді. Әріптер стандартты қаріпте курсивпен жазылған.
Жер шарының астында Айша-бибi» және «Қошқар-мүйіз» элементтерінен тұратын, құрамдас қазақ ұлттық оюы салынған. Ою сары түспен салынған.
Шеңбердің шетімен солдан оңға қарай «Инновациялық Еуразия Университетінің колледжі» деген жазу сары түспен жазылған, оның дербес құқықтық қорғанысы жоқ.
Логотип элементтері: жер шары, кітап, шағала және «ИнЕУЖК» сөзі ақ түспен орындалған, мұнда «ИнЕУЖК» сөзіндегі әрбір әріп қосымша сары түсті сызықпен жүргізілген, ал шағала көк түспен жиектелген.
Осыған орай колледж туында бейнеленген ежелгі түркі және қазіргі қазақ тіліндегі «ҚАЗАҚСТАН» жазуының түсі логотиптің түсіне сәйкес келеді.